Ербол Назарбаев қызметінен кетті

Dalanews 03 мам. 2022 05:02 847

Ербол Назарбаев Антикоррупциялық қызметтің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды, – деп хабарлады ведмостваның баспасөз қызметі.

Антикоррупциялық қызметтің таратқан мәліметінше, Ербол Назарбаев 2022 жылдың 26 қаңтарында агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бұйрығымен Арнайы бөлім басшысының орынбасары қызметінен босатылыпты.

Ал 2022 жылдың 14 сәуірінде ол агенттікттен толықтай кеткені мәлім болды.

Өткен жылы Ербол Назарбаев жеке көлігін әйнектерін күңгірттеп, полицияның қолына түсіп әлеуметтік желіні бір шулатқаны есімізде. Одан кейін ол қоғамдық ортадан жоғалып кеткен болатын.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар