Қазақстанның Энергетика министрлігі "Шесхарис" мұнай құю терминалындағы жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазір қолда бар ақпаратқа сәйкес Новороссийск портындағы "Шесхарис" мұнай құю терминалындағы оқыс оқиға қазақстандық мұнай өндіруші кәсіпорындардың өндірістік көрсеткіштеріне кері әсерін тигізген жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство мәліметінше, отандық мұнай өндіру процесі және оны экспорттау қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр.
"Қазақстан мұнайын жеткізуде пайдаланылатын экспорттық инфрақұрылым жұмысында іркіліс тіркелген жоқ. Энергетика министрлігі жағдайды бейінді ұйымдармен және инфрақұрылым операторларымен өзара іс-қимыл шеңберінде тұрақты бақылап отыр", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 2 наурызда Новороссийск қаласында ірі өрт шықты. Сарапшылар оны Ресейдің экспорттық инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың бірі - "Шесхарис" мұнай терминалымен байланыстырды.
