«Енді шенділер қымбат көлік сатып алмайды!». Тоқаев талабы

Dalanews 02 ақп. 2022 11:34 879

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте жемқорлықты жою бағытындағы бірқатар шараларды таныстырып, шенділерді қымбат автокөлік пен дүниелер сатып алуына шектеу қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Еліміздің құқықтық жүйесі үшін мүлде жаңа институттар бар. Мемлекеттік қызметшілердің жылжымайтын мүлік, автокөлік және басқа да қымбат дүниелер сатып алуы қатаң бақылауға алынады.

Сонымен қатар, шенеуніктердің адалдығын тексеруге арналған "Integrity check" (тексеру әдісі) әдісін атап өтуге болады. Әрине, бұл ұсынысты әлі де жан-жақты пысықтау қажет.

Дегенмен, халықаралық тәжірибеде мұндай тексерістер жақсы нәтиже көрсетуде. Басқа да бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыруымыз керек. Сондықтан, бүгін маған таныстырылған тұжырымдаманың жобасын бекітемін. Алайда, жұмыстың тиімділігін нақты нәтиже бойынша бағалайтын боламын, – деді Президент.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар