Енді Құрылтай депутаттарына мінберден жеке мәселелерін айтуға болмайды

Енді Құрылтай депутаттарына мінберден жеке мәселелерін айтуға болмайды
t.me/quryltairesmi

Құрылтай депутаттарына отырыс кезінде берілетін сөзді депутаттық өкілеттігіне қатысы жоқ жеке өтініш үшін пайдалануға болмайды. Депутат Снежанна Имашева бұл талап Құрылтай регламентіне енгізілгенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның сөзінше, депутат өз қызметін атқару кезінде Құрылтайдың қалыпты жұмысына кедергі келтірмеуге және отырыстарда, сондай-ақ, оның жұмыс, консультативтік-кеңесші органдарында депутаттық өкілеттігін жүзеге асыруға қатысы жоқ жеке және өзге де өтініштер бойынша сөз сөйлемеуге тиіс.

"Депутат өз қызметін жүзеге асыру кезінде қалыпты жұмысқа кедергі келтірмеуге, Құрылтай отырыстарында, оның жұмыс және консультативтік-кеңесші органдарында депутаттық өкілеттігін жүзеге асыруға қатысы жоқ жеке және өзге де өтініштер үшін сөз сөйлеу мүмкіндігін пайдаланбауға тиіс", - деді Снежанна Имашева брифинг барысында.

Депутаттың айтуынша, Мәжіліс регламентінде мұндай талап болмаған. Ол жинақталған тәжірибені ескере отырып, Құрылтай регламентіне енгізілген.

Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров пленарлық отырыс кезінде анасын туған күнімен құттықтаған еді.