Енді Қазақстанда коучтардың арнайы құжаты болуы керек

Көркем Алдабергенова 17 ақп. 2026 10:30

14 ақпанда елімізде Коучинг қызметінің кәсіби стандарты ресми түрде күшіне енді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді бұл жай ғана сән немесе BIO-дағы әдемі сөз емес, мемлекет реттейтін мамандық. Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. 

Ең бастысы- енді коучтарда білімі мен біліктілікті растайтын арнайы құжаттары болуы қажет, басқа да талаптар бар.

Еске салайық, Қазақстанда коуч-тренерлердің бірыңғай ұлттық тізілімі құрылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеген еді

Реестр career.enbek.kz платформасы базасында кәсіби стандарт негізінде жасалады. Үкімет коучинг пен психологиялық қызметтерді лицензиялауды қарастыратын жеке заң қабылдауды жоспарламаған. Оның орнына халықаралық тәжірибеде кең тараған “кәсіби стандарттар мен өзін-өзі реттеу жүйесі” енгізіледі.

Министрлер кабинетінің мәліметінше, АҚШ, Еуроодақ, Жапония және Ресейде коучтердің қызметі мемлекеттік лицензиямен емес, салалық ассоциациялар жүргізетін кәсіби сертификаттау арқылы реттеледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove