Енді жедел жәрдем қызметін шақыру ақылы болуы мүмкін

Қаракөз Амантай 28 қар. 2025 12:10

Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл емес, яғни науқастың өміріне қауіп төндірмейтін төртінші санаттағы жедел жәрдем шақыруларының тарифін арттыру жөніндегі жобаны қоғамдық талқылауға шығарды. Жоспар бойынша, кешкі және түнгі сағаттардағы шақырулар үшін тариф 340 теңгеден 360 теңгеге көтерілмек, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрліктің айтуынша, тарифтің өсуі әсіресе ауруханалар жабық тұрғанда және бригадаларға жүктеме көп болатын уақытта қызмет көрсету жылдамдығын арттырады. Бұл өзгеріс шақыруларға жедел жауап беруді және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.

Қоғамдық талқылау 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ 2027 жылдан бастап шұғыл емес шақыруларды поликлиникалар қабылдайды. Олардың мобильді бригадалары жұмыс күндері 08:00-ден 18:00-ге, сенбі күні 12:00-ге дейінқызмет көрсетеді. Ал қалған уақытта мұндай шақыруларды жедел жәрдем қызметіқамтамасыз етеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар