Енді аудан және қала әкімдері KPI бойынша есеп береді

Сағыныш Сардарова 29 шіл. 2025 12:14

Енді аудан және қала әкімдері KPI бойынша есеп береді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанда келесі жылдан бастап халықты жұмыспен қамту бойынша аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесі енгізіледі.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша премьер-министр салалық министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.

"Еңбек министрлігі облыс әкімдерімен бірлесіп, өңірлік жұмыспен қамту карталарында көзделген еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Өңір әкімдері тұрақты жұмыс орындарын құруға баса назар аудара отырып, жұмыспен қамту жоспары орындалуын жеке бақылауына алсын", - деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, келесі жылдан бастап халықты жұмыспен қамту бойынша аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесі енгізіледі.

"Цифрлық даму министрлігі жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен бизнестің деректерін біріктіріп, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша бірыңғай цифрлық жүйені қалыптастыруға тиіс", - деді Үкімет басшысы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар