Еңбек жолын жүргізуші болып бастаған: Теміртауға жаңа әкім тағайындалды

Еңбек жолын жүргізуші болып бастаған: Теміртауға жаңа әкім тағайындалды
gov.kz

Теміртау қаласының әкімі болып Сапар Сатаев тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Теміртау қаласының әкімі болып Сапар Сатаев тағайындалды. Жаңа басшыны Теміртау қаласының активіне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырып, қала басшысының алдына қойылған негізгі міндеттерді айқындап берді.

"Сапар Сатаевтың мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибесі мол. Ол әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін жақсы біледі. Сонымен қатар, Балқаш қаласындағы қызметі барысында ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен тиімді әріптестік орната білді. Бұл тәжірибе Теміртауда да қала құраушы металлургиялық кәсіпорынмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін береді деп сенемін. Оның басшылығымен жылумен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту, жолдарды жөндеу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылды", – деді облыс әкімі.

Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында бастаған. Әр жылдары "Ботақара су қожалығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары және директордың міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.

Мемлекеттік қызметте 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді.