Елордада санитарлық тазалау ісіне 564 арнайы техника жұмылдырылған

Dalanews 06 қар. 2019 03:08 907

Елорданың барлық ауданын қардан тазарту, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыстары жүргізілуде. Қысқы науқандық жұмысқа ұзын саны 564 техника мен 1800-ден астам адам жұмылдырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

6 қараша күні қаланы санитарлық тазалауға 564 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, оның ішінде 163-і күшейтілген режімге көшуге әзір отыр.

Қала аудандарындағы жұмысқа дайындық жоғары деңгейде Айталық, «Алматы» ауданы – 129 бірлік техника мен 430 жол жұмысшысы жедел қызметке дайын. Оның ішінде «күту режіміне» көшуге 14 техника бар.  «Байқоңыр» ауданында 90 бірлік техника мен 360 жол жұмысшысы өздеріне тапсырылған аумақты қардан тазартуға әзір тұр. Оның ішінде «күту режімінде» арнайы 30 машина дайын. «Есіл» ауданы – 187 бірлік техника мен 543 жол жұмысшы жасақталып, «күту режімінде» арнайы  78 бірлік машина жұмысын күтіп тұр. Ал «Сарыарқа» ауданы – 158 бірлік пен 491 жол жұмысшысы. Оның ішінде «күту режимінде» арнайы 41 бірлік техникасы бар.

Айта кету керек, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша, соның ішінде қар тазалау бойынша тәулік бойы iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 109 нөміріне қоңырау шалып хабарласуға болады.


Сондай-ақ, өтінішті немесе шағымды әкімдіктің ресми сайтына да, www.astana.gov.kz, Telegram чат https://t.me/nursultanikomek109_bot iKOMEK109 мобильдік қосымшасында, сондай-ақ +7-747-109-0-109 нөмірі бойынша Whatsapp ikomek109 чат-ботында қалдыруға болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар