Елордада қолжетімді баспана құрылысы 3 есеге артады

Dalanews 03 қыр. 2019 14:41 659

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында алдағы үш жылда кезекте тұрған аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.

ҚР Президентінің жолдауын талқылау бойынша қала активінің отырысында қала әкімі А. Көлгінов егер жазда тұрғын үйге кезекте 46 мың адам тұрса, қазір оның саны 47,5 мыңға дейін өскенін айтты.

"Кезекте тұрған адамдар саны артуда. Екі айда кезек бір жарым мың адамға көбейді. Келесі жылы елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есеге ұлғайтылады. Теқ қана бюджетке жүгініп қана қоймай, сонымен қатар қолжетімді тұрғын үй құрылысына жеке инвесторларды тарту қажет , - деді А. Көлгінов.

Қала әкімі А. Көлгінов жақында модульдік үй құрылысы зауытының іске қосылғанын атап өтті.

Құрылыстың осындай түрі шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және үй салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Құрылыс салушылар қолжетімді тұрғын үй сегментін қарастырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар