Freedom Inside '26

Елорда күнінде Қазақстанда 448 сәби дүниеге келді

Елорда күнінде Қазақстанда 448 сәби дүниеге келді
gov.kz

6 шілде - Астана күні еліміздің перзентханаларында 448 нәресте өмірге келді. Олардың 223-і - ұл, 225-і - қыз. Сондай-ақ, мереке күні Астанада екі егіз дүниеге келген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өңірлер арасында ең көп сәби Түркістан облысында өмірге келген: 67 бала. Алматы қаласында 44 нәресте дүниеге келсе, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 сәбиден туған.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, медициналық ұйымдар жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетіп келеді.

Министрлік мереке күні сәби сүйген барлық ата-ананы құттықтап, жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарына зор денсаулық, амандық, бақ-береке тіледі.