Өз пәтерлерін 500-ден астам адам күтуде. Әкім нысанға соңғы келген сәттен бері обьект құрылысы бекітіліп, үй сараптамадан өтті.
Құрылыс салушының сөзі бойынша, үйді әрлеу бойынша ішкі жұмыстар көктемде басталады. Сонымен қатар инженерлік желілер жүргізіледі.
Қала әкімі А. Көлгінов ТК құрылысының барысы үнемі қадағалауда болатынын атап өтті.
"Ең бастысы, мердігер анықталды. Мемлекет ақша бөлді. ТК құрылысын "Елорда құрылыс компаниясы қатысуымен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында аяқтайтын боламыз. Суық түскенге дейін бірінші кезекте үйдің шатыры бойынша жұмыстарды аяқтау керек. Қолдарыңызда үйді электр энергиясына, сумен жабдықтауға және су бұруға қосу құжаттары, сондай - ақ аумақты абаттандыру жобасы болуы тиіс", - деді А. Күлгінов.
Қалада барлығы 51 аяқталмаған объект бар (76 үй). Жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.