Елімізде грантта оқымайтын студенттерге де шәкіртақы берілуі мүмкін

Қаракөз Амантай 15 нау. 2024 13:24 2277

Елімізде грантта оқымайтын студенттерге де шәкіртақы берілуі мүмкін. Бұған сәйкес, "Мемлекеттік шәкіртақыны тағайындау, төлеу және мөлшерлемелерін бекіту туралы" үкімет қаулысына өзгерістер мен толықтырулар жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Жаңа оқу жылынан бастап жақсы көрсеткішке қол жеткізген және ұлттық бірыңғай тесттен жоғары ұпай жинаған талапкерлер шәкіртақы алуы мүмкін.  

Президенттің білім гранттарына қойылған тапсырмаларына сәйкес, грант оқудың барлық құнын жабуға міндеттелмейді. Алайда ҰБТ нәтижесі мен білім алушының басқа көрсеткіштеріне байланысты аталмыш шығындардың 30 пайызын өтей алады. Сондықтан қаулының жаңа нұсқасында 100 пайыз грантпен оқымайтындарға шәкіртақы төлеу ұсынылып отыр.

Бүгінде шәкіртақы барлық студентке бірдей беріледі. Ал 2024 жылдан бастап оқу үлгерімі үздік студенттерге шәкіртақыны ұлғайту және бонустар белгілеу ұсынылды. Бакалаврлар үшін – айына 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, үздік студенттер үшін – 54 205 теңгеге дейін; Болашақ мұғалімдерге 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін, оқу озаттарына – 86 940 теңгеге дейін; Магистранттар үшін – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, оқу үздігі үшін – 123 120 теңгеге дейін; Докторанттар – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін. Назарбаев университетінің студенттері мен медицинада оқитын студенттер ұлғайтылған шәкіртақыны ала алмайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар