Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан

Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
ЖИ: Dalanews.kz

Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан, деп хабарлайды dalanews.kz qazaqstan.tv-ға сілтеп.

Әділет министрлігі мәліметінше, 12 мың адам алимент төлеуден жалтарып жүр. Берешек 18 млрд теңгенің үстінде. Борышкерлердің басым көпшілігі ерлер болса, 7 мыңнан аса әйел бар.

Енді 25 тамыздан бастап алиментті аударудың жаңа тәртібі қолданысқа енгізіледі. Бұдан былай ақша тек арнайы шотқа түседі. Алимент алушылар екінші деңгейдегі банктерден арнайы шот ашып, реквизиттерін сот орындаушысына ұсынуға тиіс. Ал алимент бойынша берешек сақталып, есептеле береді.