Елімізде 2027 жылы жүргізушісіз такси қызметін іске қосу жоспарланып отыр

Елімізде 2027 жылы жүргізушісіз такси қызметін іске қосу жоспарланып отыр
NTD арнасы

Елімізде 2027 жылы жүргізушісіз такси қызметін іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

 

Yandex Qazaqstan бас директоры Тимур Шәлекеновтің айтуынша, қазір Алматы қаласында алғашқы жүргізушісіз көлік сынақ кезеңінен өтіп жатыр. Бұл кезеңде көлік деректерді жинап, қаланың цифрлық картасын қалыптастырады.

Алғашқы коммерциялық сапарларды бастау үшін көлік сынақ режимінде бірнеше шақырым жол жүріп өтуі қажет. Сонымен қатар, жүргізушісіз көліктерді пайдалануға қажет нормативтік-құқықтық база қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Пилоттық жоба қазірдің өзінде Алматы, Астана және Қосшы қалаларында іске қосылды. Жүргізушісіз таксиді 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр", - деп баяндады премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.