Елімізде 12 мыңнан аса қазақстандық ұлтын ауыстырған

Көркем Алдабергенова 29 қаз. 2024 10:38 4210

Елімізде 12 мыңнан аса қазақстандық ұлтын ауыстырған, - деп хабарлайды Dalanews.kz Paryz.kz-ке сілтеп. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде 743 орыс ұлтын неміс деп өзгерткен. 354 өзбек - қазақ болып өзгерген, 300 орыс украиндық деп, ал 246 украиндық орыс деп өзгертсе, 11 орыс - қазақ болып өзгерген.  

Ал жылдар бойынша: 

2021 жылы 3254 қазақстандық; 

2022 жылы 3363 қазақстандық; 

2023 жылы 3366 қазақстандық, 

2024 жылы 2158 қазақстандық ұлтын өзгерткен. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабының 1-тармағына сәйкес әркімнің өзінің ұлттық, партиялық және діни тиесілігін айқындауға және көрсетуге немесе көрсетпеуге құқығы бар. Бұл норма адамның өзінің ұлттық ерекшелігін анықтау құқығын бекітеді. 

Қазақстан азаматының ұлты ата-анасының бірінің ұлты бойынша анықталады. Ата-аналардың ұлттары әртүрлі болған жағдайда арнайы тәртіп қолданылады. Ол баланың қалауы бойынша әкесінің немесе анасының ұлттық тиесілілігіне сәйкес жеке куәлік және (немесе) паспорт беру кезінде айқындалады. Осыдан кейін ұлтты бір рет екінші ата-ананың ұлтына өзгертуге болады.

Екінші ата-анасы бойынша ұлтын өзгерткісі келетін азамат тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгініп, өтініш, туу туралы куәлік және жеке куәлік береді. Екі жұмыс күні ішінде көші-қон қызметінің қызметкерлері ұсынылған құжаттардың негізінде ұлтын өзгерту туралы қорытынды шығарады. Осы қорытынды негізінде азаматқа жаңа жеке куәлік беріледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар