Елорданың халықаралық әуежайында Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарында академикалық ескек есуден ел тарихындағы тұңғыш алтын медальды жеңіп алған Владислав Яковлев пен Иван Чернухинді қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Өз кезегінде спортшылар қолдау білдіріп, күтіп алған барша жанкүйерлерге алғыс айтып, алдағы додаларда да осы биіктен көрінуге ниетті екендерін жеткізді.
Бұл жеңіс, сондай-ақ ұлттық құраманың басқа да сәтті өнер көрсетулері Қазақстанға жалпы медальдар есебінде төртінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Қазақстан командасы Өзбекстан құрамасын басып озып, тек үздік үштікке — Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяға есе жіберіп тұр.
Аичи мен Нагоядағы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.