Енді шалғайдағы елдімекенде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болды. Өңірдегі ең ірі фермалардың бірінде жылына 9 мың тонна сүт өндірілетін болады.
Ауыл шаруашылығы кешені озық қондырғылармен жабдықталған. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 17 тауарлы сүт фермасы салынып жатыр.
– Республикадағы сүт өнімдерінің барлығын есептесек, 25%-ы бүгінгі таңда СҚО-ның еншісіне тиеді. 25%-і. Бұл аз емес. Біз бұны 30%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы биыл сүт көлемі 670 мың тоннаға дейін жетпек, – дейді облыс басшысы Құмар Ақсақалов.