"Елім" дегенде ет жүрегіңді езіп жібертін Мадина баласын орыс мектебіне беріпті

Dalanews 06 қыр. 2022 11:19 892

Біздің әншілер жұрттың алдында «елім», «жерім» дегенде жұртты елжіретіп жіберетіні белгілі. Ал өзара сөйлескенде орысшаны қосып сөйлейтіні жасырын емес. «Елім» деп әңгіме айтқанда ет жүрегіңді езіп жібертін Мадина Садуақасованың баласын орыс мектебіне беріп, жұрттың ренішін туғызды.  

Қылықты әнші оқырмандарын 1-қыркүйек Білім күнімен құттықтап, Инстаграм парақшасына баласымен бірге түскен видеосын жариялапты. Ұлының орыс сыныбына барғанын байқаған желі қолданушылары Мадина Сәдуақасованы қатаң сынға алып жатыр.

«Орыс сыныпқа барыпты ғой. Әке-шеше өзге ұлттың тілін құптаса. Қазақша ән айтқанда таң қақтырасыз. Не үшін өзге ұлттың біліміне құмар осы қазақтар» деп ренішітер айтын жатыр.


Егер журналистер бұл мәселені жалықпай зерттесе, «ұлт мүддесі жолында жаным құрбан» деп көкірегін ұрып жүрген талай әншінің баласы орысша оқитына көз жеткізер еді.

Жұрттың алдында жүрген танымал адамдардың сөзі мен ісінің қабыспауы жақсы емес. Путиннен көмек сұрап жүрген әлгі бір әйелдер мұны көргеннен кейін күш алып, одан сайын өршелене түсері анық.

Не да болса, Мадинаның ұлын орыс мектепке бергені дұрыс болмапты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар