Елдос Сметов жеке мансабына байланысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 09 там. 2024 10:07 3538

Дзюдодан Қазақстан командасының белді мүшесі, еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиадаға дейін карьерасын жалғастыратынын жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Келесі Олимпиадада Сметовтің жасы 35-те болады.

Енді ол Халықаралық дзюдо федерациясы берген алтын жапсырмамен күреседі.

Еске салайық, бұған дейін Елдос Сметов жеке мансабына байланысты пікір білдірген еді.

"Бұл менің соңғы Олимпиадам екенін білдім. Бұл соңғы ойындар... Менің спорттағы карьерам аяқталуға жақын. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Ата-анама, отбасыма, балаларыма жеңіспен ораламын деп уәде бергенмін",- деді Олимпиада чемпионы.

Айта кетейік, Елдос Сметов осы жылдың 9 қыркүйегінде 32 жасқа толады.

Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.

"Елдос ерледі, ағайын! Балуанымыз Париж Олимпиадасының алғашқы алтын жүлдесінсыйға тартып, бәрімізді қуанышқа бөледі. Құтты болсын! Естеріңізде болса, 2019 жылыПарижде өткенде Grand Slam жарысында Елдоскүміспен күптелген еді. Балуанымыз бүгін де өзмықтылығын дәлелдеп, Париж төрінде екіншірет жүлде алды. Елдосты бүгінгі жарқынжеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Олбұған дейін Рио және Токио Олимпиадаларындада жүлдегер атанған еді. Жеңісті жолды бұлжолы да жалғастырды. Бүгін дзюдошылардыңөнерін арнайы барып көрдім. Оңай болған жоқ. Олимпиадаға осал спортшы келмейді. Жарыстың алғашқы күніндегі жүлде өзге де олимпиадашыларымызға жұғысты, жеңісжалғасты болғай", – деді Ермек Маржықпаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар