Аманова Г.А. – «Бизнес үшін ІТ-шешімдер» құзыреттілігі бойынша сарапшы.
ХХІ ғасыр – ғылым мен жаңа технологияның қарыштап дамыған ғасыры. Заман ағымына ілесіп, көштен қалмау – біздің міндетіміз. Осы орайда жас ұрпақтың бойына ақпараттық сауаттылық пен көшбасшылықты, бәсекеге қабілетті болуын, заман сұранысына ие мамандыққа бағытталуын ұғындыру керек. Ел болашағы – заман талабына сай маман!
Қазіргі таңда ғылымды дамыту, мәдениетті көтеру біздегі ең маңызды міндеттердің бірі. Біз жан-жақты дамыған, білімді, сауатты, бірнеше тілді еркін меңгерген, интеллектуалды ой-өрісі кең, ұрпақ болуға міндеттіміз.
Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің директоры М.А.Омарбеков және оқытушылар мен қатысушылар.
Еліміздің жиырма сегізжылдық ғұмырына көз салсақ, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп, еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері көп. Бүгінгі Қазақстанды дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыруға, еліміздің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүниежүзіне танытуға күш салуымыз керек.
Гүлнара ӘЛМАХАНҚЫЗЫ,
Алматы мемлекеттік политехникалық
колледжінің арнайы пән оқытушысы