Аталған аудитория төртінші қабатта орналасқан және толығымен биомасса энергетикасына арналып отыр. «Бұл аудиторияда дүниежүзіне белгілі биотеxнология мен биология саласының профессорлары голографиялық кейіпте, биомассадан энергияны алу мәселелеріне арналған дәрістерді оқиды. Ол дәрістер қазіргі жаңа теxнологиялар - медиа-голографиялық проекция арқылы жүргізіледі. Ондайда ғалымдар үшін аудиторияның алдына келудің қажеті жоқ. Бәрі галографиялық бейнені сөйлету нәтижесінде іске асады. Дегенмен, кейбір дәрістерді тікелей байланыс арқылы ұйымдастыру жоспарда бар», – дейді гид-стендист Әшір Жанғали.
Оның айтуынша, голографиялық аудиторияны теxникалық жабдықтау жұмысына немістің компаниясына жауапты. Залда амфитеатр іспеттес орындықтар мен төменде орналасқан бір мінбер бар. Мінберге екі микрофон орнатылған. Бірақ сөйлейтін адамның орнына шыны бекітіп қойды. Сол арқылы әлемге әйгілі ғалымдардың голографиялық бейнесін шығару жоспарланған.