Экс-министр мен оның орынбасарына қатысты тергеу аяқталды

Dalanews 08 шіл. 2021 03:47 709

Қаржылық мониторинг агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз ақпараттандыру Платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Платформа Денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді.

Бүгінгі таңда платформа жұмыс жасамайды және оны медициналық мекемелердің пайдаланбайтыны жиналған дәлелдермен расталады.

Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 млн АҚШ долларын немесе 1,5 млрд теңгені құрайды.


Сондай-ақ, Елжан Біртанов санитариялық авиацияның әуе кемесін 2020 жылғы маусымда жеке мақсаттары үшін пайдалану кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.

Ағымдағы жылғы 7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы жарияланып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар