Битаев курстасы, әріптесі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегеновтың бауыры қайтыс болуына байланысты оған көңіл айту үшін «Қазәуеқұтқару» мекемесінің ұшағын пайдаланып, мемлекет қазынасына 6 667 817,7 теңге шығын келтірген.
Бұл үшін Сәбит Битаев 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сәбит Битаев 2021 жылдың 21 шілдесіне дейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарған болатын.