Экологиялық апат па? Маңғыстауда "мұнайға былғанған" құс видеоға түсіп қалды

Сағыныш Сардарова 22 мам. 2025 11:57

Маңғыстауда "мұнайға былғанған" құс видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Lada.kz-ке сілтеп.

21 мамырда әлеуметтік желілерде "мұнайға былғанған" құстың видеосы тарады.

Жазбада құс Жаңаөзендегі мұнай кен орындарының бірінде түсірілгені көрсетілген. Кадрда жұмысшының құсты шүберекпен тазартып жатқаны көрінеді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, ECOJER қауымдастығының өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов видеоны көріп, құстың үлкен көлбұқа немесе сары құтанға ұқсайтынын айтты.

"Құс мазутқа немесе мұнайға қатты былғанғандықтан нақты түрін анықтау қиын", – деді ол.

Басылым бұл оқиғаға байланысты Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына ресми сауал жолдаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар