Екінші 42500 теңгеге қатысты ақпарат шықты

Dalanews 07 мам. 2020 03:33 754

Төтенше жағдай кезінде кірістен айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) екінші төлемге оны тағайындауға ағымдағы жылғы 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар үміткер бола алады.

Төтенше жағдай режимі ағымдағы жылғы 16 наурызда енгізілді. Төлемді есептеу үшін бірінші ай 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар