Екібастұзда ер адам екінші қабатқа өрмелеп шығып, құлап кете жаздаған баланы құтқарды

Сағыныш Сардарова 20 сәу. 2026 10:50

Екібастұзда ер адам екінші қабатқа өрмелеп шығып, терезеден құлап кетуге шақ қалған баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

60 жастағы Тоқан Байдильдин терезеден ойыншықтарын төменге лақтырып тұрған сәбиді байқап қалған. Бала оларды алуға ұмтылып, құлап кете жаздаған.

Бей-жай қарамаған тұрғын балконға өрмелеп шығып, дер кезінде баланы ұстап үлгерді, осылайша қайғылы жағдайдың алдын алды.

Аймақтағы бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Сауле Шәкенева екінші қабаттың өзі де өте қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, 2025 жылы Павлодар облысында терезеден 17 бала құлап, оның төртеуі көз жұмған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove