
– Қаланың жас тұрғындары өз Отанының нағыз патриоты болып өссін, бізді оқудағы табыстарымен, зияткерлік, шығармашылық және спорттық жетістіктерімен қуанта берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт аспан, кұт-береке, балаларға жайдары жаз сыйлаған жарқын сәттер тілеймін, – деді қала басшысы.
Қала әкімі марафон жинақ сандықшасына/копилкасына үлесін қосып, «Сәулетай-2015» балалар шығармашылық фестивалінің салтанатты марапаттау рәсімін бастады. Бас жүлденің иегері №6 «Золотая рыбка» балабақшасының ұжымы атанды.
Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды №1 «Ромашка» даму орталығы, №15 «Бөбек» эстетикалық даму орталығы жеңіп алды. Екінші орын №18 «Гномик», №20 «Мерей», №24 «Айналайын» балабақшалары алды. Үшінші орын №3 «Гнездышко», №2 «Балдырған», №4 «Березка», №12 «Арай» балабақшалары, №23 «Балауса» гимназия-балабақшаларының еншісіне тиді. Сайысқа қатысушылар бақтарын алты номинациялар бойынша сынапты: «Аспапта орындау», «Хореография», «Көркем композиция», «Вокалды топ», «Хор», «Өзіндік жанр». Барлық жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Өткен жылы марафон аясында 50-ге жуық жаппай мәдени шаралар өткізілді. Екібастұздықтардың мейірімді жүректерінің арқасында қайырымдылық ұйым 2 мыңнан аса балаға көмек көрсетті. Бұл өмірге қажет зерттеулер, ота жасау, науқас балаларды емдеу. Кішкентай азаматтардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын қаланың 114 кәсіпорны, мекемелері және қарапайым адамдары өмірдің қиын жағдайына душар болған балаларға қолұшын берді.