"Екі күн ерте кетіп қалдық": Айман Талғатқызы Қытайдағы тайфун туралы айтты

"Екі күн ерте кетіп қалдық": Айман Талғатқызы Қытайдағы тайфун туралы айтты
Фото: ашық дереккөзден

Айман Талғатқызы Қытайға жасаған сапары кезінде қауіпті табиғи құбылысқа тап бола жаздағанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, Қытайда соққан "Дельфин" тайфуны туралы алдын ала арнайы қосымша арқылы біліп, сапар жоспарын өзгерткен.

"Біз қосымша арқылы осыны алдын ала біліп, екі күн ертерек билетті ауыстырып кетіп қалдық", – деді Айман Талғатқызы.

Мәліметке сәйкес, "Дельфин" тайфуны Қытайдың шығысындағы бірнеше өңірге әсер еткен. Қауіптің күшеюіне байланысты миллионнан астам тұрғын қауіпсіз аймақтарға көшірілген.

Табиғи апат әуе қатынасына да кедергі келтірген. Шанхай әуежайларында мыңға жуық рейс тоқтатылған.