Дима Билан Алматы мен Астанада концерт береді

Ақтоты Жапатова 29 сәу. 2026 10:15

Ресейлік танымал поп-орындаушы Дима Билан Қазақстанда «Я просто люблю тебя» атты шоу бағдарламасымен өнер көрсетеді. Күзде әртіс Алматы мен Астанада екі концерт өткізбек, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, әнші 20 қараша күні Almaty Arena сахнасына шығады. Ал 22 қарашада елордадағы Barys Arena кешенінде концерт береді.

Әлеуметтік желіде әнші концерт жайлы ерекше форматта жариялады.

«Мен Ресейдегі Threads-тың басты адамы ретінде, Қазақстандағы ең бастыларға бара жатырмын. Бізді екі кеш күтіп тұр. Дауыс қатты болады. Барлығы сіздер мен біз жақсы көретіндей өтеді», – деп жазды қалжыңдап.

Билет бағасы 20 мың теңгеден басталады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove