Freedom Inside '26

Блогер Жанабыловтарға тиесілі болған көліктер сатылымға шығарылды

Блогер Жанабыловтарға тиесілі болған көліктер сатылымға шығарылды
Фото: видео кадры

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға тиесілі болған көліктер сатылымға шығарылды. Бұл туралы ақпарат E-Qazyna мемлекеттік мүлік тізілімінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті аукционға сегіз Hyundai Elantra автокөлігін қойды. Көліктердің жетеуінің бастапқы бағасы 8 млн 395 мың теңге болса, біреуі одан 5 мың теңгеге арзан бағаланған.

Көліктер сотталған Төлегенова құрылтайшысы болып саналатын “Zhana Business” ЖШС-нің атына тіркелген.

Аукцион 7 шілде күні сағат 10:00-де басталады. Әзірге бұл көліктерді тек құқық қорғау органдары, арнайы мемлекеттік мекемелер және Президенттің, саяси қызметшілер мен депутаттардың қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар ғана иелене алады.

Егер аталған мекемелер тарапынан сұраныс болмаса, көліктер кейін барлық азаматқа ашық сауда арқылы ұсынылады.