Air Astana Ормуз шығанағындағы және өңірдегі жағдайдың нашарлауына байланысты Дубай бағыты бойынша рейстерді 21 шілдеден 31 тамызға дейін уақытша тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
«Ормуз шығанағындағы және аймақтағы жағдайдың нашарлауына байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшуды 21 шілдеден 31 тамызға дейін тоқтатады. 21 шілдеге дейін рейстер жолаушыларды қайтару үшін орындалады», - деп хабарлады әуе компаниясы.
Air Astana мәліметінше, жолаушылар билет құнын толық қайтара алады немесе сапар күнін тегін өзгертіп, кейінгі мерзімге не әуе компаниясының басқа халықаралық бағыттарына қайта брондай алады.