Дереккөз: Тасмағамбетов елші қызметінен кетіп барады

Dalanews 10 жел. 2019 07:26 790

Дереккөздің хабарлауынша, Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасқа жетуіне байланысты лайықты демалысқа шығады.




Иманғали Тасмағамбетов Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметінен кетті. Бұл туралы Telegram-ға саясаттанушы Ербол Еділов жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Кейбір мәліметтер бойынша, Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен кетеді және зейнет жасына жетуіне байланысты лайықты демалысқа шығады", - деді Еділов.


Аталған ақпаратты Ресейдегі елшілік өкілдері растаған жоқ.

"Ресми ақпарат жоқ, әдепкі жағдайда жұмыс істеудеміз", – деді Тасмағамбетовтің кеңесшісі Жанар Колбачаева.

Иманғали Тасмағамбетов бұл қызметте 2017 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істейді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар