Бүгін Құрылтай отырысында депутат Екатерина Смышляева көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге қатысты депутаттық сауалын жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, тұрғын үйді басқару саласында әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Әсіресе тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасқан кафе, мейрамхана және басқа да коммерциялық нысандар тұрғындарға қолайсыздық туғызады.
«Мұндай нысандардан шығатын шу, жағымсыз иіс және инженерлік жүйелерге түсетін қосымша жүктеме тұрғындардың шағымын көбейтуде», – деді депутат.
Осыған байланысты Екатерина Смышляева Үкіметке көппәтерлі үйлерді басқару тәртібін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс жолдады. Атап айтқанда, ол меншік иелері бірлестіктері (ОСИ) төрағаларын цифрлық жүйелер арқылы ауыстыру рәсімін жеңілдетуді және кооперативтердің (КСК) қайта тіркеу процесін толық аяқтауды ұсынды.
Сонымен қатар депутат тұрғындардың дауыс беруіне арналған тегін цифрлық сервисті іске қосуды, банктердің тұрғын үй шоттарына қоятын талаптарын біріздендіруді және тұрғын үйлердегі коммерциялық нысандарға қойылатын талаптарды күшейтуді ұсынды.
Сондай-ақ ол көпқабатты үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру тетіктерін кеңейту қажеттігін атап өтті. Депутаттың пікірінше, бұл шаралар тұрғын үй қорын басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, тұрғындардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді.