Депутат: Қазақстанда дәрігерлер тапшы

Сағыныш Сардарова 08 қаз. 2025 14:16

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қазақстанда дәрігерлер тапшы екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қолдағы бар мәліметтерге сәйкес 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде дәрігерлер тапшылығы - 3 954 маман. ​Сонымен қатар, орта буын медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі 4 505 адам деңгейінде қалып отыр", - деді Тұрлыханов.

Депутаттың сөзінше, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің денсаулық сақтау жүйесінде шамамен 275 мың медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 83 мыңнан астамы - дәрігерлер, ал 191 мыңға жуығы - орта медицина қызметкерлері.

"Осыған қарамастан кадрлық дисбаланс сақталып отыр. Терапевтердің, жалпы практика дәрігерлерінің, педиатрлардың, акушер-гинекологтардың, хирургтер мен анестезиолог-реаниматологтардың тапшылығы анағұрлым сезіледі. Мәселен Қостанай облысында 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша кадр тапшылығы - 326 маман. Дәл осындай мәселелер Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарында кездеседі", - деді ол.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар