Депутат жаңа Үкімет басшысының ең басты қасиетін айтты

Азамат Қойшығара 06 ақп. 2024 16:53 2164

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистер Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменоваға осы сауалды қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

 Мәжілісмен Amanat партиясының депутаттары жаңа премьерге неліктен сенім артқанын былай түсіндірді:

«Жайлы мектеп» сияқты халықтың игілігіне арналған жобалардың бәрін аяғына дейін жеткізуге жаңа Премьер-Министр мен жаңа министрлер кабинеті табанды қызмет етеді деп сенемін. Жастар, жаңа буын өсіп келе жатыр.

Менің ойымша, Бектенов Мемлекет басшысы айтқандай, «Тәртіпті, таза адамдардың бірі».

Өзіміз де кешеден бері жаңа кандидатты қарап жатырмыз. Сондықтан менің ойымша, бізге қазіргі таңда таза, өзі тәртіпті, сол тәртіпті басқадан талап ете алатындай азамат керек болды. менің өзі сенемін».

Депутат жаңа Үкімет басшысының артықшылығын "Табандылық" деп бағалады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар