Депутат елімізде орануға тыйым салынбайтынын жеткізді

Қаракөз Амантай 21 мау. 2024 14:22 4223

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев елімізде орануға тыйым салатын заң жобасы жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың сөзінше, Қазақстанда діни-наным сенімге толығымен еркіндік берілген.

“Ермұрат Сейтқазыұлының ол жеке пікірі ғой. Хиджаб, никабқа қатысты мәселе бізді қарастырылып жатқан жоқ. Одан да басқа маңызды мәселе бар ғой”, - деді Елнұр Бейсенбаев.

Еске салайық, бұған дейін депутат Ермұрат Бәпи Парламент дінге және басқа ағымдарға қатысты мәселені қолға алатын заң жобасын енгізуді жоспарлап отыр деген еді.

“Құжатта мектепке діни киіммен келу де бар. Оған толық тыйым салынады.  Қоғамдық орында бетті жауып тұратын діни киім киюге тыйым салу да бар. Жаза ретінде ескерту жасалып, айыппұл салу да қарастырылады”, – деді Бапи.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар