Департамент басшысы тағайындалды

Dalanews 17 мау. 2020 16:18 916

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің жаңа басшысын таныстырды.

Облыс әкімі, Ляззат Мұқатайқызының мемлекеттік қызметтің ыстығы мен суығына төзіп, білімі мен тәжірибесінің арқасында меритократия қағидасына сәйкес қарапайым қызметкерден Департамент басшысы лауазымына дейінгі әр белесті бағындырғанын, сондай-ақ, нағыз өз ісінің маманы екендігін тілге тиек етті.

Ляззат Мұқатайқызы Бейсеқұлова 1972 жылы 10 сәуiрде Алматы облысы Көксу ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары – инженер-технолог, экономист және құқық саласының білікті маманы. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі – 22 жыл, оның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымдық бөлімшесінде – 8 жыл. Аталған мемлекеттік органда қызметін Персоналды басқару бөлімінің консультанты лауазымынан бастаған. Тұрмыста, екі баланың анасы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар