– Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің коронавирус инфекциясы туралы айтқан мәлімдемесі тек біздің ғалымдарымыздың болжамы, – деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.
Біртановтың айтуынша, қазақстандық ғалымдардың болжамы расталмай шығуы да мүмкін.
«Тағы да айтамын, бүгінде Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ» деді Біртанов.
Еске салайық, мұның алдында бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус қашан келетінін айтқан болатын. Оның айтуынша, коронавирус Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін.
«Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері» деген еді Бекшин.