Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдағы күндері еліміздің көптеген өңірінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Мұндай ауа райы солтүстік-батыс антициклонға байланысты.
"Тек 10, 11 қазанға қарай республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жаңбыр және қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, шығыс пен орталықта тұман түседі, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады", - деді синоптиктер.
Болжамға сүйенсек, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.