Даниал Ахметов: "Көпбалалы отбасыға көпбөлмелі үй береміз"

Dalanews 23 қыр. 2019 10:54 886

Шығыс Қазақстан облысындағы үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар алдағы 4 жылдың ішінде баспаналы болады. 

Бұл туралы Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданында 19 көпбалалы жанұяға жаңа пәтерлердің кілттерін табыс еткен облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. 


"Шығыс Қазақстан өңіріндегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған көпбалалы отбасыларды 4 жыл ішінде  баспанамен қамтамасыз етеміз.

Көпбалалы отбасыларға біздің ұсынымыз – Тұрғын үй жинақ құрылыс банкі арқылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша ипотека рәсімдеу", – деді Даниал Ахметов. 

Әкімнің банк пен қоғамдық комиссиясының оң шешімін алған жанұяға 1 млн. теңгенің сертификаты берілетінін айтты. Бұдан бөлек, егер үйдің құны 10 млн. теңгеден асып кетсе, әкімдік бюджеттен тыс қаражат есебінен 3 млн теңгеге дейінгі қосымша ақыны субсидиялайтын болады.

Келер жылы осы категориядағы азаматтар үшін Өскемен мен Семейде аумағы 100 ш.м. аспайтын төрт бөлмелі 300 пәтер саламыз.


Жалпы биыл облыс бойынша 368 отбасы қоныс тойын тойлады. Жыл соңына дейін 143 жанұя баспана алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар