Дадаев 20 жылға сотталды

Dalanews 14 шіл. 2017 03:18 760



Мәскеу округы әскери соты бейсенбі күні Шешенстан ІІМ "Север" батальонының бұрынғы жауынгері Заур Дадаевты оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың өліміне кінәлі деп танып, оны қатаң режимдегі түрмеге 20 жылға қамау туралы үкім шығарды.





Дадев пен тағы бір сотталушы Тамерлан Эскерхановтың әскери атақтары мен ордендері жойылды. Эскерханов 14 жылға сотталды.

Анзор мен Шадид Губашевтер 19 және 16 жыл алды. Хамзат Бахаев 11 қамауда отырады.

Сотталушылардың барлығына айыппұл салынды.

Прокурор Дадаевты өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Кремльге жақын маңдағы көпірде атып кеткен.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар