ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қазанда 83 қылмысты тіркеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазанда Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша 83 құқықбұзушылық тіркелген:
- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 12;
- 190-бап (алаяқтық) - 16;
- 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) - 1;
- 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) - 1;
- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) - 2;
- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) - 3;
- 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) - 1;
- 366-бап (пара алу) - 26;
- 367-бап (пара беру) - 11;
- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) - 4;
- 380-бап (билік өкiлiне күш қолдану) - 1;
- 394-бап (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) - 2;
- 414-бап (көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау) - 1;
- 433-бап (қылмыстық құқықбұзушылықты жасыру) - 2.
Сонымен қатар, сотқа 54 қылмыстық іс жіберілген.
