Министрліктің қысқа ғана жауабы мынадай. Нақты шараның орнына әдеттегідей сөзбұйдаға салып жіберіпті:
«Министр Салтанат Тәжиева қойған сұрақтар бойынша оқулық авторларына түсініктеме беруді тапсырды. Олардың түсініктемелері жақын арада Facebook әлеуметтік желісінде жарияланады«, — деп қысқа қайырыпты Білім және ғылым министрлігі.
Енді осындай «жүйеге қарсы» шындықты айта салатын «шатақ» ата-ана шыққаны үшін сол бала оқитын мектеп директоры, баланың өзі қысым көрмесе екен деп тілейміз.