Жиналыста басқарма және бекет басшыларының қызмет бабындағы ҚМ ҚМ МКК «Достық» кеденінің 2014 жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша есебі тыңдалып, 2015 жылдың міндеттері, проблемалық сұрақтары қаралды.
2014 жыл бойынша «Достық» кеденінде көрсетілген әкімшілік істер бойынша кеден органымен 2 522 424 теңгеге, сот органдарымен 9 935 980 теңгеге айыппұл салынса, соттың қаулысымен 12 641 782 теңгеге тауарлар тәркіленіп мемлекет пайдасына шешілген. Сондай-ақ, «Қылмыстық кодекстің» 209 бабының 1,2 бөлімі, 250 бабы, 325 баптың 1 және 3 бөлімдеріне сәйкес, жалпы 16 қылмыстық іс қозғалды. Аталған жыл бойынша 51іс кеден органымен, 169-ы сот органдарымен қаралған 220 әкімшілік іс қозғалды. «Достық» кеденіне түскен кедендік салықтар мен төлемдерден мемлекеттік бюджетке 1 663 252 теңге аударылды.
Нұргүл Нұғұманова,
«Достық» кедені баспасөз қызметі