Бюджет 676 млрд теңге салықтан қағылған

Сағыныш Сардарова 15 қаң. 2026 09:35

Қаржы министрлігі бюджет орындалуы туралы есеп жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржы министрлігі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті ұсынды. Құжатқа сәйкес 2025 жылы жоспарланған салықтың 676 млрд теңгесі жиналмаған.

Есептегі ең назар аударарлық көрсеткіш - қосылған құн салығы (ҚҚС). Жалпы ҚҚС түсімі жоспардан төмен болған. Ел ішіндегі ҚҚС айтарлықтай азайса, импортқа салынатын ҚҚС керісінше жоспардан артық орындалған.

Сонымен қатар, айыппұлдар, түрлі төлемдер, дивидендтер және өзге де кірістер күткеннен жоғары болған. Алайда бұл өсім салық бойынша тапшылықтың орнын толықтай жаба алмаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove