Сот экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында әлеуметтік желіде жеке пікірін білдіретін жарияланымдарға тыйым салу туралы прокурордың өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мемлекеттік айыптаушылар әлеуметтік желідегі жарияланымдар сот процесінің қалыпты өтуіне кедергі келтіреді деп есептейді.
"Сот отырысынан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәлімдемелер сотқа қысым көрсету әрекеті ретінде бағалануы мүмкін. Осыған байланысты процеске қатысушылардың барлығын қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын сақтауға және процеске қатысушылардың қарсылықтары, сот талқылауы шеңберіндегі мәлімдемелері бойынша өз пікірлерін әлеуметтік желілерде жариялаудан бас тартуды ұсынамын", - деді судья.
Айтуынша, бұл алқабилер арасында теріс пікір тудырып, қылмыстық істі объектив қарауға кедергі келтіруі мүмкін.
Еске салайық, 2024 жылдың 1 сәуірінде Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда.
Ал 27 наурызда Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталған болатын.
Бүгін Қазақстанның Жоғарғы соты өзінің Youtube арнасында сот залынан тікелей эфирде.