Астанада шамамен 1 миллион долларға байланысты алаяқтық ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл істің жәбірленушісі - экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова. Бүгін соттағы жауап алу кезінде ол көзіне жас алды.
"Мұндай жағдай болады деп ешкім күтпеді. Екеуміз де жас емеспіз, денсаулығымыз сыр беріп кетті. Күйеуім қатерлі ісікке шалдыққан, жүрегі әлсіз. Күні-түні "ұлымыздың тағдыры не болар екен?" деген ой ғана маза бермеді", деді ол сотта.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Бишімбаевтың туысына қатысты сот өтіп жатқаны хабарланды.