Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов БАҚ-та пайда болған ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Ғазымжановтың айтуынша, Бишімбаев Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеде.
"Ол бәрімен тең жағдайда отыр. Қалыпты жағдайда, ешқандай артықшылық жоқ", - деді Ғазымжанов.
Адвокаттың сөзінше, бүгінде Бишімбаевқа түзеу мекемесіне баратын жалғыз адам - өзі.
"Мұндай қауесеттер БАҚ-та фильм жарияланғаннан кейін тарады. Адамдар Бишімбаев түрмеде еместей, жазасын өтеп жатпағандай түсінсін деп, сөздерді құбылтқан. Менің ойымша, олар мұны әдейі жасады. Оның үстіне мекемеге, оған баратын жалғыз мен болсам да, мені сұхбатқа шақырған жоқ", - деді қорғаушы.
Айта кетейік, биыл 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.
Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.
Әйелін өлтіргені үшін 24 жылға қамауға алынған Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Бұған дейін ҚАЖК өкілдері колонияда экс-министр үшін қолайлы орын әлі бос емес екенін, сондықтан жұмысқа тұрмағанын мәлімдеді.