Бишімбаев ісінде прокурор болған Аймағанова тағы бір жантүршігерлік оқиғаны айтты

Сағыныш Сардарова 27 мам. 2024 17:07 3647

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова арты қайғылы жайтпен аяқталған тағы бір тұрмыстық жанжал туралы айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аймағанова тұрмыстық зорлық-зомбылық секілді әлеуметтік құбылысты ашық айту қалыпты жағдайға айналғанына оң пікір білдірді.

"Менің тәжірибемде отбасылық жанжал қол жұмсауға ұласып, бірінің (ерлі-зайыптының - еск.) өлімімен аяқталған іс болды. Ерлі-зайыпты арасындағы жанжал асүйде туындаған, сол сәтте әйелі үстелде нан турап жатқан. Жанжал барысында ер адам оны ұра бастаған. Қорғанғысы келген әйелі жұбайының кеудесіне пышақ салып, ер адам сол жерде көз жұмған, ал әйелі сотталды", - деді прокурор.

Оның айтуынша, мұндай қорқынышты статистика, отбасылық жанжалдар бүгінгі қоғамда аз емес.

"Бұл жағдайда зорлық көрсетуші өмірінен айырылды, ал зорлық-зомбылық құрбаны өзін құтқара алды. Бірақ қандай бағамен? Қоғамнан оқшаулану бағасымен және, өкінішке қарай, оқшауланумен ғана шектелген жоқ. Зорлық-зомбылық отбасыларда да, оқу орындарында да, еш жерде де болмауға тиіс. Әр отбасында балалар өсіп келеді, олар өмірлерін өз отбасыларының үлгісімен қалыптастырады. "Балаларды тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле". Егер әрқайсымыз қоршаған ортаға бей-жай қарамасақ, онда көп нәрсені жақсы жаққа өзгертуге болады. Бір-біріңізге көңіл бөліңіздер, үлкен жанжалдардың алдын алыңыздар", - деп кеңес берді Аймағанова қазақстандықтарға.

Бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушылар болған Аймағанова мен Нұрбеков судьяға қандай ұсыныс жасағандарын айтқан еді.

Прокурор Нұрбековтің сөзінше, Бишімбаевтың бұрын сотты болғанын, оның қылмысты масаң күйде жасағанын ескеріп, 20 жыл, яғни ең жоғарғы бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Ал "Қорлау" бабы бойынша ең жоғарғы 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрап, түпкілікті жазаларды ішінара қосу арқылы 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынған.

Сот шешімімен экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар